×
497.33
586.7
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.33
586.7
6.48

Сарапшы несиенің ай сайынғы төлемін 4 есеге дейін азайтудың жолын айтты

Бүгін, 16:03
Сарапшы несиенің ай сайынғы төлемін 4 есеге дейін азайтудың жолын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесов несие бойынша ай сайынғы төлемді 2–4 есеге дейін қысқартудың көпшілік біле бермейтін тәсілін айтты. Алайда ол бұл әдіс барлық қазақстандықтарға бірдей келе бермейтінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшы ұсынған тәсіл ай сайынғы төлемді азайтып қана қоймай, артық төлемді де едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Негізгі қағида – қымбат несиені арзанырақ несиеге ауыстыру.

– Қазір Қазақстанда ең арзан несиелердің бірі, түрлі жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды есептемегенде, – бұл 50/50 ипотекасы немесе Отбасы банк ұсынатын аралық қарыз. Егер кепілде тұрмаған, өзіңіз тұрып жатқан баспанаңыз болса және жалпы қарызыңыздың 50 пайызын жинай алсаңыз (мысалы, БЖЗҚ-дағы артық қаражатты пайдалану арқылы), Отбасы банк арқылы қайта қаржыландыруға болады. Яғни, қымбат несиенің орнына аралық, арзанырақ несие аласыз, – дейді Сұлтан Елемесов.

Оның айтуынша, бұл аралық қарыз арқылы бағасы нарыққа сай пәтер сатып алу қажет. Ең бастысы – кейін оны кем дегенде сол бағаға қайта сата алатындай болуы керек.

– Пәтерді сатып аласыз, кейін оны сатып, түскен қаражатпен барлық қарызды жабасыз. Ал ары қарай салыстырмалы түрде арзан ипотеканы ғана төлейсіз, – деп түсіндірді сарапшы.

Қаржыгер бұл тәсілді қолданбас бұрын жеке жағдайды мұқият есептеп, барлық тәуекелді ескеруге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары