×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Украина-Ресей соғысы қандай жағдайда тоқтайды: елші болжамын айтты

Бүгін, 19:33
Украина-Ресей соғысы қандай жағдайда тоқтайды: елші болжамын айтты
Фото: aa.com

Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Ресей мен Украинаның соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмау себебін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей сөзінде тұрмайды

Елшінің айтуынша, Украина Ресейдің уәдесіне сенбейді. 

«Ешкім бейбітшілікке кез- келген жолмен жетуді мақсат тұтпайды. Украинаға бір айға, жарты жылға, бір жылға бейбітшілік керек керек емес, Ресей жиналып кетіп қалып, қайта шабуыл жасайтын болса, ондай келісімнің қажеті емес. Бізге тек екі нәрсе керек. Біріншіден, тең келісімге келу, екіншіден ұзақмерзімді бейбітшілікке кепілдік керек. Басқа ештеңе керек емес. 

Біздің келісімге келе алмай жүргеніміздің себебі Ресей тарабы алдаудан алдына жан салмайды. Төрт жыл бұрын әскері жан-жақтан Украинаны қоршап жатқанына қарамастан, соғыса басталар алдында лауазымды тұлғалары халық алдына шығып, біз ондай қадамға бармаймыз деп сайрады. Олар әрдайым өтірік сөйлейді. Біз соған әбден үйреніп қалдық, оларға сенбейміз. Жазбаша сөзіне де, жазбаша сөзіне де сенуге болмайды. Сондықтан Ресей бізге Донбастың 6 мың шақырымын берсін, сосын тоқтаймыз дегеніне де сенбей отырмыз. Сондықтан да, соғыс әлі аяқталмай келеді», - дейді ол.

Соғыс екі тараптан да атыс тоқтаса тоқтайды

Елші соғысты тоқтату үшін алдымен атысты тоқтату керектігін айтады. 

«Алдымен барлық желідегі  әскери қақтығыстарды тоқтату керек. Бүгінгі таңда майдан шебі 1200 шақырымды құрайды. Осы аумақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келу керек. Бұған қол жеткізуге болады, бірақ екі тарап та соны қалау керек. Бір тарап қана қаласа, нәтиже шықпайды. Біз Қырым, Донбасты, 2022 жылдан кейін басып алынған жердің бәрін қайтарып алоғымыз келеді. Біздің бұл арманымыз дипломатиялық жолмен болсын, соғыс арқылы болсын ерте ме, кеш пе орындалады.Әзірге күшпен тартып алынған жерімізді қайтара алмаймыз», - дейді ол.

Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіріп, соғыс бастаған болатын.

Серіктес жаңалықтары