×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Украинаны қалпына келтіруге 600-700 триллион доллар керек – елші

Бүгін, 20:31
Украинаны қалпына келтіруге 600-700 триллион доллар керек – елші
Фото: AFP 2024 / Carlos Reyes

Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеуде  келіссөз өткізуге алаң ұсынғанын, Украина оны қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина Қазақстанда келіссөз өткізуге дайын

Виктор Майконың айтуынша, Тоқаев екі рет ұсыныс жасаған.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге алаң ұсынды.Екі рет ұсынды. Біз оны қабылдаймыз. Бұл туралы өткен жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескенде айтты. Біз Қазақстан басшысының біз қаламаған адаммен кездескеніне назар аудармауға тырысамыз. Біз қазіргі таңда Қазақстанның Украинамен қарым-қатынасы қандай деңгейде екеніне көбірек мән береміз. Мен Тоқаевтың Украинамен саяси диалогты жаңғыртуға уақытылы назар аударғанына ризамын. Нью-Йорктегі кездесу соның басы болды, сол жерде екі елдің сыртқы істер министрлері кездесті. Кейін желтоқсанда біздің мининстр Венада Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрімен кездесті. Биыл мемлекетаралық сауда-экономикалық комиссиямен жұмысты жолға қойып, ек елдің экономикалық байланысын қалпына келтіруді көздейміз. Екі ел билігі, парламенті арасындағы қарым-қатынас дамыса дейміз. Бизнестегі байланыс та біртіндеп жақсарып келеді. Осының бәрі жақсылықтың бастамасы», - дейді елші.

Украинаны қалыпына келтіруге 600- 700 триллион доллар керек

Елші Украинаны қалпына келтіруге 600-700 триллион доллар, тіпті одан да көп қаражат керек екенін айтады.

«Қазіргі соғыс жүріп жатқан кезде логистика өте күрделі әрі қымбатқа түсіп жатыр. Сондықтан  екі елдің сауда қарым-қатынасы қазір баяу жүріп жатыр. Тауарды әкелу өте қымбатқа түседі. Қазақстандық тауарларды да жеткізу оңай болып жатқан жоқ. Тауарлар жеткізіледі, бірақ көлемі аз болып тұр. Соғыс аяқталса, бұның бәрі қалпына келеді. Соғыс аяқталған соң қазақстандық кәсіпорындарды елімізде күтеміз. Украинаны қалпына келтіру үшін 600-700 триллион доллар көлеміндегі қаржы керек екені айтылып жатыр. Бірақ жұмыс басталған кезде, одан да көп қаражат керек болады. Өйткені қираған ғимарат, күлі қалған үйлерді қайтадан тұрғызу оңайға соқтайтыны анық. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс шығынымен бірдей», - дейді Виктор Майко.

Бұған дейін 

Елші Украина-Ресей соғысы қандай жағдайда тоқтайтынын айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары