Алматыда қоғам қайраткері Оразалы Ержанов ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросы хабарлады. Алайда оның не себепті және қандай жағдайда ұсталғаны әзірге белгісіз. Ulysmedia.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сауал жолдады, бірақ әзірге жауап келген жоқ.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Журналист Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, Ержанов 10 тәулікке қамауға алынған.
— Қоңырауларға жауап бермей жатыр. Жұбайының айтуынша, Оразалы Ержановты түнде алып кеткен, үйінде тінту жүргізілген, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
ЕРЖАНОВ
Оразалы Ержанов Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі. Ол бұған дейін жаңа Конституция жобасын ашық сынағаны белгілі.