×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Журналист Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

30.01.2023, 15:58
Журналист Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылдың 30 қаңтарында соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішіқанағаттандырылды және Михаил Козачковқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға дейін, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзартуға санкция берілді», - делінген Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта.

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты 2022 жылдың 18 желтоқсанында  ұстады.

Тергеу мәліметінше, Михаил Козачков Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген. Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланған.

Бұдан бұрын Жоғарғы сот төрағасы қызметін атқарған Сенат вице-спикері Жақып Асанов журналист Михаил Козачковтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірген.