×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жақып Асанов өзін сынаған журналист Козачков жөнінде пікір білдірді

26.01.2023, 19:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы қызметін атқарған Сенат вице-спикері Жақып Асанов журналист Михаил Козачковтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Журналистер сенатта «Асановтан Козачковты кәсіби қызметіне байланысты қудаланды ма?» деп сұрады.

«Мен жұмыстан босағаннан кейін ол жағдай туралы ештеңе білмеймін. Оның үстіне Жоғарғы сот қылмыстық қудалау органы емес. Мен үшін бұл (журналистің ұсталуы) жаңалық болды», - деді ол.

Сондай-ақ журналистер «Асановтың өзі де Козачковқа ренжіді ме» деп сұрады, себебі Козачков мақалаларында Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасын қатаң сынаған еді.

«Жоқ. Бірде-бір рет. Былтыр журналистер күнін тойлағанда мен өзімді сынап жүргендерді де шақырғанмын. Олар көмектеседі. Сын айту арқылы көмектеседі. Өйткені, төрағаның дауыс көтеру былай тұрсын, судьяны қорқытуға, телефон соғып, «мынадай шешім щығао» деп айтуға құқығы жоқ», - деп жауап берді ол.

Серіктес жаңалықтары