×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

Фельдшерлердің жалақысы көтерілмей, тек үстемақы қосылған

Фельдшерлердің жалақысы көтерілмей, тек үстемақы қосылған
Көрнекі сурет: Астана әкімдігінен

Денсаулық сақтау министрі фельдшерлердің жалақыны көтеру туралы үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің сөзінше, биыл 1 қаңтардан бастап медициналық қызметкерлердің жұмыстарының қиындығына байланысты эалақы мәселесі қайта қарастырылған. 

- Президенттің тапсырмасы аясында бірнеше рет жалақы көтеру мәселесі министрлік тарапынан атқарылып жатыр. 2025 жылы емханаларда жұмыс істейтін қызметкерлерге нақты қол жеткізген көрсеткіштері үшін қосымша үстемақы алады. Бұл емхана қызметкерлері. Ал жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысына байланысты арнайы қаулымен бекітілген, қосымша жүктемеге арналған қосымша қаражат беру тетіктері қарастырылған. Солар көбейіп, 1 қаңтардан бастап қосымша қаражат бөлінді. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар саласында жұмыс істейтін дәрігерледен санитарларға дейін жалақысына берілетін үстемақы көтерілді, – дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, былтыр Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылының жедел жәрдем қызметкерлері президент Тоқаевқа, денсаулық сақтау министріне және депутаттарға үндеу жасаған болатын. Медициналық қызметкерлер әр күнде кездесетін ауыр қиындықтар туралы айтып берді. 

Серіктес жаңалықтары