×
498.09
577.34
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.09
577.34
6.41

Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды

Бүгін, 12:13
Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин заң талаптарына сәйкес декларация тапсырғанын айтып, өзге шенеуніктерге қарағанда декларация тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еске салайық, жарияланған декларацияға сәйкес, Серік Жұманғариннің жұбайы Сания Садықова қор нарығында 88,6 млн теңгеден астам табыс тапқан.

Журналистердің оның табысы туралы қойған сұрақтары вице-премьерге жақпағаны байқалды. Ол тілшілерге «дөрекі сөйлемеуді» ескертіп, өз отбасының табысын ашық жариялағанын айтты. Сонымен қатар, Жұманғарин осы тұста үкіметтегі кейбір әріптестеріне ишара жасағандай болды.

— Егер адам декларация тапсырса, демек оның жасыратын ештеңесі жоқ қой, солай емес пе? Заңда декларацияны тапсырып, жариялау қажет деп жазылған. Мен оны орындадым. Ендеше маған қатысты басқа қандай сұрақтар бар? Егер заңда «жұбайың бұл ақшаны қалай тапты, қандай бағалы қағаз сатып алды, қайсын сатты, қай брокер арқылы жұмыс істеді» деп түсіндіру міндеттелсе, мен бәрін айтып берер едім. Ал егер маған дөрекі сөйлейтін болсаңыздар, онда мүлде жауап бермеймін. Тағы да қайталап айтамын: мен заң талабын орындадым, декларация толтырып, жарияладым. Көпшіліктен айырмашылығым да осы. Неге бұл сұрақтарды маған қоясыздар? — деді Жұманғарин.

Осыдан кейін ол сұқбатты аяқтап, залдан шығып кетті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін сарапшы Жұманғарин мен өзге министрлердің декларацияларындағы күмәнді тұстарға назар аударған еді. 

Серіктес жаңалықтары