×
499.83
581.5
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.83
581.5
6.42

6 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін, 18:02
6 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ulysmedia.kz коллажы

Синоптиктер 6 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 6 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын болады. Көктайғақ.

6 наурызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

6 наурызда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

6 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Ақтөбе қ.: 6 наурызда көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

6 наурызда Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады.

6 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылорда қ: 6 наурызда кей уақытта тұман болады.

6 наурызда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанай қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады.

6 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Орал қ.: 6 наурызда тұман, көктайғақ болады.

6 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болады.

6 наурызда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман болады. Түркістан қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

6 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Тараз қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Астана қ.: 6 наурызда көктайғақ болады.

6 наурызда түнде Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

6 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 6 наурызда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

6 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 6 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын болады.

6 наурызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 6 наурызда көктайғақ болады.

6 наурызда Шығыс Қазақстан облысының облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Өскемен қ.: 6 наурызда көктайғақ болады.

6 наурызда түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Алматы қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 6 наурызда түнде кей уақыттарда қатты қар болады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

 

Серіктес жаңалықтары