×
493.36
572.84
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.36
572.84
6.29

АҚШ Үндістанға Ресей мұнайын сатып алуға уақытша рұқсат берді

Бүгін, 08:05
АҚШ Үндістанға Ресей мұнайын сатып алуға уақытша рұқсат берді
pixabay.com

АҚШ Үндістанға теңіздегі танкерлерде тұрған Ресей мұнайын сатып алуға уақытша рұқсат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Уақытша рұқсат

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Скотт Бессент мәлімдеді. Оның айтуынша, рұқсат 30 күн бойы күшінде болады және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған.

АҚШ Қаржы министрлігі не деді

Бессент бұл шешім энергетикалық ресурстардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты екенін түсіндірді.

- Әлемдік нарыққа мұнай жеткізілімінің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету үшін АҚШ Қаржы министрлігі 30 күндік уақытша рұқсат енгізеді. Ол Үндістандағы мұнай өңдеу зауыттарына Ресей мұнайын сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл әуелден қысқа мерзімге арналған шара және Ресей үкіметіне айтарлықтай қаржылық пайда әкелмейді, себебі тек теңізде тұрған мұнайға қатысты мәмілелерге ғана рұқсат беріледі, – деп жазды Бессент X әлеуметтік желісінде.

Шешімнің себептері

АҚШ Қаржы министрі бұл уақытша шара әлемдік энергетикалық нарықтағы шиеленісті азайтуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, жағдай Иранның жаһандық энергия нарығындағы ықпалын күшейту әрекеттері аясында күрделене түскен. Сонымен қатар Бессент президент Дональд Трамптың энергетикалық бағдарламасының арқасында АҚШ-та мұнай мен газ өндіру рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ол Үндістан АҚШ-тың маңызды серіктесі ретінде америкалық мұнайды сатып алу көлемін арттырады деген үмітте.

Серіктес жаңалықтары