×
493.36
572.84
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.36
572.84
6.29

НАТО әуе қорғаныс жүйелерін күшейтті

Бүгін, 13:06
НАТО әуе қорғаныс жүйелерін күшейтті
EPA-EFE/Filip Singer

НАТО әуе қорғанысы жүйелерін күшейтілген дайындық режиміне ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

5 наурызда Еуропадағы НАТО біріккен күштері штабының баспасөз хатшысы полковник Мартин О’Доннелл әскери альянстың әуе қорғаныс жүйесі жоғары әскери дайындыққа көшкенін мәлімдеді. НАТО бұндай қадамға Ираннан Түркияға қарай ұшырылған зымыран әуеде жойылғаннан кейін барып отыр.

Түркия армиясының хабарлауынша, 4 наурызда Ираннан ұшырылған зымыранды Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген. Зымыран сынығы Хатай провинциясындағы Дөртиол ауданына құлаған. Түркия қорғаныс министрлігі адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарлады. О’Доннелл зымыран 10 минутқа жетпейтін уақытта әуеде жойылған деді.

Контекст

НАТО баспасөз хатшысы Элисон Харт альянс Иранның Түркия жаққа зымыран ұшыруын айыптаған. Алайда АҚШ әскери министрі Пит Хегсет бұл оқиға НАТО-ның ұжымдық қорғаныс қағидатын бекітетін 5-бапты қолдануға негіз болмайтынын айтты.

Түркия АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына қатыспай, бейтарап ұстанымын сақтап, мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге шақырып отыр. Соған қарамастан, Анкара елге қарсы бағытталған кез келген әрекетке қарымта қайтаруға хақы барын мәлімдеді.

Түркиядағы Інжірлік әуе базасы НАТО мен АҚШ-тың маңызды стратегиялық әскери нысаны саналады. Онда шамамен 1500 АҚШ жауынгері орналасқан. Вашингтонның мәліметінше, Иранның зымыран шабуылы осы базаны нысанаға алған болуы мүмкін.

Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарып, Түркияның егемендігін сыйлайтынын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары