×
493.36
572.84
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.36
572.84
6.29

Қарызға батқан Алматының экс-әкімінің отбасына тиесілі мүлік сатылымға шығарылды

Бүгін, 15:13
Қарызға батқан Алматының экс-әкімінің отбасына тиесілі мүлік сатылымға шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы мен облысының экс-әкімі Шалбай Құлмахановтың әйелі Шолпан Құлмахановаға тиесілі Interfood супермаркеті сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Алматыдағы Interfood супермаркетін Hlayk Bank сатылымға шығарды. Бастапқы құны 2,3 миллиард теңге деп көрсетілген.

Dmas порталындағы дерекке қарағанда, нысан 1986 жылы салынған Алматыдағы Гоголь көшесінде орналасқан. Коммерциялық мүліктің аумағы – 2,5 мың шаршы метр.

Контекст

Бұған дейін БАҚ-та Құлмахановтар отбасының банктер алдында үлкен қарызы бары айтылған. 2019 жылдан бері Interfood компаниясының банк шоттары, мүліктері мен көліктері бірнеше рет бұғатталған.

2025 жылдың қарашасындағы есеп бойынша, қарыз көлемі – 5,5 миллиард теңге. Оның басым көпшілігі банктер алдындағы берешектер. Осыған байланысты да Гоголь көшесіндегі Interfood супермаркеті сатылымға шығарылған.

Осыған дейін Құлмахановтарға тиесілі City Center сауда орталығы да сатылымға шығарылған. Ол 5,4 миллиард теңгеге бағаланған.

Шалбай Құлмаханова 1994-1997 жылдары Алматы қаласының әкімі, 2001-2005 жылдары Алматы облысының әкімі болып қызмет атқарған. 2005-2007 жылдары төтенше жағдайлар министрі болған.

 

Серіктес жаңалықтары