×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

«Өзі барсын»: америкалықтар Трамптың ұлын соғысқа жіберуді талап етуде

Бүгін, 09:24
«Өзі барсын»: америкалықтар Трамптың ұлын соғысқа жіберуді талап етуде
Фото: Getty images

Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың кіші ұлы – 19 жастағы Бэррон Трампты америкалық армия қатарына жіберуге шақыратын сатиралық сайт пайда болды. Жоба АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары аясында іске қосылған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде #SendBarron («Бэрронды жіберіңдер») хэштегі тарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Толығырақ

Талқылауға АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасап жатқан Epic Fury әскери операциясы себеп болған. БАҚ мәліметінше, осы оқиғалар барысында жеті америкалық әскери қызметкер қаза тапқан.

Трамп әскери қызметкерлердің қазасынан кейін сынға ұшырады

Осы жағдайдан кейін Дональд Трамптың әрекетіне қатысты сын көбейді. Шабуылдардан көп ұзамай өткен Құрмет медалін табыстау рәсіміндегі қысқа сөзінде ол қаза тапқан сарбаздар туралы аз айтып, Ақ үйде жаңа бал залын салу жоспарын көбірек сөз еткеніне көбінің назары ауған.

Осыдан кейін желіде саясаткердің өз ұлы майданға жіберілсе, соғысқа қалай қарайтыны жөнінде пікірталас басталды. Осыны пайдаланған South Park сериалының бұрынғы сценарисі Тоби Мортон DraftBarronTrump.com атты сатиралық сайтты іске қосты. Ол қысқа уақыт ішінде кең таралып кетті.

Сайтта ирониялық түрде Бэррон Трампты әскери қызметке жіберу ұсынылады. Авторлар Трамптың «батылдығын» және «тұқым қуалайтын гендерін» әжуалай отырып, оның ұлын елді қорғауға мінсіз кандидат ретінде сипаттайды.

– Америка күшті, өйткені оның көшбасшылары да күшті. Президент Трамп мұны күн сайын дәлелдеп келеді. Сондықтан оның ұлы Бэррон да әкесінің батыл басшылығымен басқарылатын елді қорғауға дайын екені сөзсіз, – делінген сайттағы жазбада.

Парақшаның соңында тағы бір мысқылды тіркес келтірілген: «Қызмет – бұл абырой. Күш мұрагерлікпен беріледі».

Сайтта сондай-ақ «пікірлер» бөлімі бар. Соның бірінде Дональд Трамптың үлкен ұлы кіші інісінің әскери қызметіне «мақтанатыны», бірақ оны «қауіпсіз қашықтан қолдайтыны» жазылған.

#SendBarron

Сайт іске қосылғаннан кейін әлеуметтік желілерде #SendBarron хэштегі белсенді тарай бастады. Пайдаланушылар президенттің ұлы әкесі соғысқа жіберіп жатқан сарбаздармен бірге қызмет етуі керек деп жазады.

Неліктен Бэрронның армияға баруы екіталай

Дегенмен Бэррон Трамптың шын мәнінде әскери қызметке алыну ықтималдығы өте төмен. Себептердің бірі – оның бойы. Ол шамамен 205 сантиметр, ал АҚШ армиясының көптеген бөлімшелерінде жаңадан қабылданатын сарбаздар үшін рұқсат етілетін ең жоғары бой шамамен 203 сантиметр болып белгіленген.

Анықтама

Бэррон Уильям Трамп 2006 жылғы 20 наурызда дүниеге келген. Ол Дональд Трамптың кенже ұлы және үшінші әйелі Мелания Трамптан туған жалғыз баласы. Отбасының басқа мүшелеріне қарағанда, Бэррон көпшілік алдында сирек көрінеді және жабық өмір салтын ұстанады.

Серіктес жаңалықтары