×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға қайтадан рұқсат берілуі мүмкін

Бүгін, 13:25
Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға қайтадан рұқсат берілуі мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

«Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағының бір бөлігін стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігінің тоқтатылуын әділетсіз деп санайды. Оның айтуынша, аз ғана адамның заңсыз әрекеті салдарынан көпшілік бұл қызметтен айырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ибрагимова қазіргі уақытта зейнетақы жинағының бір бөлігін стоматологиялық емге пайдалану мүмкіндігін қайта енгізу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

– Қазір біз Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – бұл қызметті қайта қолжетімді етіп, толық ашық жүйе қалыптастыру. Өкінішке қарай, халықтың шамамен 10 пайызы ақшаны мақсатсыз пайдаланғандықтан, қалған 90 пайызы бұл мүмкіндіктен айырылып қалды. Менің ойымша, бұл әділетсіз, – деді ол.

Оның сөзінше, қызметтің ашықтығын арттыру үшін жүйені толық цифрландыру жоспарланып отыр.

– Жүйеге стоматологиялық клиникалар мен басқа да қызмет көрсететін медициналық ұйымдар енгізіледі. Атқарылған жұмыс актілері онлайн рәсімделеді, Денсаулық сақтау министрлігімен интеграция болады. Барлығы ашық әрі түсінікті болады. Осылайша азаматтар 2026 жылы белгіленген жеткіліктілік шегіне дейін жинақтап, кейін бұл қызметті қайта белсенді пайдаланады деп ойлаймын, – деді Ибрагимова.

Сонымен қатар ол зейнетақы қаражатын стоматологияға пайдалану мүмкіндігін қайтару «Отбасы банктің» ең басты міндеттерінің бірі емес екенін айтты. Сондықтан 2026 жылдың сәуір айының ортасында бұл қызмет қайта іске қосылады деп күтуге болмайды.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігі 2026 жылғы 15 сәуірге дейін тоқтатылғаны хабарланған. Мұндай шешім аталған қызметті пайдалану кезінде түрлі заңбұзушылықтар мен алаяқтық фактілері анықталғаннан кейін қабылданған.

Серіктес жаңалықтары