×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Алматыда қоқыстан терісі сыпырылған жануарлардың өлексесі табылды

Бүгін, 16:02
Алматыда қоқыстан терісі сыпырылған жануарлардың өлексесі табылды
скриншот

Алматының Алатау ауданындағы қоқыстан терісі сыпырылған жануарлардың өлексесін тапты. Тұрғындар қапқа салынған өлекселердің видеосын жариялап, құзырлы органдардан шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Жануарларды қорғау» ұйымының Instagram парағында жарияланған видеоға қарағанда, терісі сыпырылған жануарлардың өлекселері қапқа салынып, қоқысқа тасталған. Кейбірінің қаңқасы ашық-шашық жатқаны көрінеді. Бейнежазба авторы қоқыста сегіз өлексе жатқанын айтады.

Тұрғындардың айтуынша, өлекселерді бұл жерде әлде кімдер көлікпен әкеліп төгіп тастаған болуы мүмкін.

Өлекселер Алатау ауданының Самғау шағын ауданындағы Көкорай көшесіндегі қоқыстан табылған. Иттердің өлексесінен бөлек, қоқыстан түлкінің басы, аң терілері және жануарлардың биологиялық қалдықтарына толы қаптар да табылған.

Желі қолданушылары оқиғаға байланысты полицияның шара қолдануын талап етіп, «Бүкіл қала толған камера, мына бассыздыққа қатысы бар кінәлілерді тауып, заң бойынша жауапқа тартуды талап етеміз» десе, енді бірі құзырлы органдарға шағымданудан жалыққандарын айтуда.

Полиция жауабы

Қоқыста жатқан жануарлардың өлекселерін полиция алып кеткен. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орны мұқият зерттеліп, ықтимал куәгерлерден жауап алынуда. Сонымен қатар, аталған дерекке қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары