×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Референдум: ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған

Бүгін, 17:58
Референдум: ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған
ЖИ: Ұлысмедиа

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы дауыс беру учаскелерінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, учаскелерде ақпараттық материалдар Брайль қарпімен ұсынылып, аудио форматтағы түсіндіру құралдары да қарастырылған. Сонымен қатар тактильді бағыттаушы белгілер орнатылған.

-  Учаскелерде арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, олар компьютерлермен, құлаққаптармен және үлкейткіш құрылғылармен жабдықталған. Қозғалыс тірегі бұзылған азаматтар үшін кеңейтілген дауыс беру кабиналары, пандустар, көтергіш құрылғылар, кіреберістегі шақыру батырмалары және автокөліктерге арналған арнайы тұрақ орындары бар. Бір сөзбен айтқанда, референдумда мүгедектігі бар азаматтар тең негізде дауыс бере алады”, - деді  Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, еліміз бойынша қазақстандықтар 10 402 учаскеде дауыс бере алады.

- Жауапты мамандар елдің 20 өңірін аралап, учаскелік комиссиялардың жұмысы мен референдумды ұйымдастыру барысымен танысты. Сапар барысында дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы, инфрақұрылымдық және ақпараттық қамтамасыз етілуі тексерілген. Анықталған кейбір техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер сол жерде пысықталып, оларды шешу үшін тиісті шаралар қабылданды, - деді ол.

КОНТЕКСТ

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. ОСК бекіткен күнтізбеге сәйкес, үгіт-насихат науқаны үш күнге созылады. 14 наурыз — тыныштық күні, 15 наурыз — дауыс беру күні. Дауыс беру қорытындылары 21 наурыздан кешіктірмей ресми түрде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары