×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Референдум: Қазақстанда 92 учаскеде таңғы сағат 06:00-де дауыс беру басталады

Бүгін, 19:00
Референдум: Қазақстанда 92 учаскеде таңғы сағат 06:00-де дауыс беру басталады
Ulysmedia.kz коллажы

Шетелдегі референдум бойынша алғашқы дауыс беру учаскесі Токио қаласында ашылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев Орталық референдум комиссиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, 10 елдегі 11 дауыс беру учаскесін қысқарту туралы шешім қабылданған.

- Қазіргі таңда Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанында 54 мемлекетте барлығы 71 учаске жұмыс істейді. Шетелде дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың саны 14 230 адамды құрайды. Бүгінде Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан референдум комиссиялары құрылған. Комиссия мүшелерінің барлығы заңнаманы білу деңгейі бойынша тестілеуден өткен. Сондай-ақ ол барлық учаскелер жұмысқа дайын. Ақпараттық материалдар, референдум жәшіктері мен бюллетеньдер алынған. Ертеңнен бастап олар дипломатиялық курьерлер арқылы шетелдегі учаскелерге жіберіле бастайды. 2026 жылғы референдум аясында шетелдегі дауыс беру алдымен Жапония елінде басталады, – деді Ерлан Әлімбаев.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы кейбір дауыс беру учаскелері әдеттегіден ертерек ашылатынын айтты.

- Еліміз бойынша 92 учаске таңғы сағат 06:00-де жұмысын бастайды. Әдетте бұл әскери бөлімдерде орналасқан учаскелер. Мұндай режимде жұмыс істеуге рұқсатты аумақтық комиссиялар береді, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Қазақстан бірқатар елдегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты шетелде орналасқан 11 дауыс беру учаскесінің жұмысын уақытша тоқтататыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары