Қазақстанда 5 өңірге су тасқыны қаупі төніп тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да мемлеттік органдар су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
- Қазіргі уақытта «Тасқын» жүйесі бойынша су тасқыны болуы мүмкін бес өңір анықталды. Бұл Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. 1 наурыздан бастап бізде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Жергілікті атқарушы органдармен ескерту шаралары қабылданды, инженерлік жұмыстар жүргізілді. Елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда. Біздің күш-құралдар су тасқынына дайын, - деді вице-министр.
Бұл өңірлер су тасқынына дайындалмаған ба деген сұраққа Кеген Тұрсынбаев мәселе басқада екенін айтты.
- Бұл өңірге қарудың түсуіне, топырақтың қатуына қайланысты. Бұған «Қазгидромет» мекемесі және Су және ирригация министрлігінің басқа да құрылымдық бөлімдері талдау жасайды. Осы бес өңірді назарға алып отырмыз. Су тасқынын болдырмау үшін шаралар қабылдайтын боламыз, - деді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еліміз бойынша су тасқыны болуы мүмкін 1242 елді мекен анықталғаны хабарланған еді.