Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі қазақстандықтардың Дубайдағы 97 пәтері туралы ақпаратты тексеруге негіз жоқ деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
«Ресми тексерусіз, оның ішінде өкілетті органдардың тексеруінсіз шетелде жылжымайтын мүлікті сатып алғаны және [немесе] ие болғаны жайлы ақпаратқа құқықтық баға беру мүмкін емес, – деп жазылған бас прокуратураның активтерді қайтару қызметінің BES.media сайтына берген жауабында.
Контекст
Наурыздың басында Иран АҚШ пен Израильдың әуе соққысына қарымта ретінде АҚШ-тың Парсы шығанағындағы әскери базаларына зымыран және дрон ұшырған.
Шабуыл кезінде соның бірі Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына түскен. Сол уақытта «Дубайдағы Қазақстан» журналистік зерттеуінің авторы Манас Қайыртайұлы C4ADS ұйымының 2022 жылғы есебі бойынша, Fairmont The Palm резиденциясынан қазақстандықтардың 97 пәтер сатып алғаны туралы жазған.
Бұл ақпарат әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланған болатын. Журналист пәтер иелерінің кейбірінің аты-жөнін де жариялаған.