Алдағы күндері күн жылына бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде: солтүстік өңірлерде оң температура жақын байқалса, ал оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5…+10°С көрсетеді.
АСТАНА
Астана қаласында 12 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.
АЛМАТЫ
Алматы қаласында 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
ШЫМКЕНТ
Шымкент қаласында 12-14 наурызда кей уақыттарда тұман болады.