×
489.39
567.99
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.99
6.19

Қызылордада полиция белсенді Гүлназ Серікбаеваны ұстады

Бүгін, 13:22
Қызылордада полиция белсенді Гүлназ Серікбаеваны ұстады
Скриншот

Қызылордада полиция белсенді Гүлназ Серікбаеваны ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Белсенділер экстремист емес» құқық қорғау тобының хабарлауынша, полиция Гүлназ Серікбаеваның үйіне тінту жүргізіп, ұстаған. Белсендінің үстінен 174-бап «алауыздық қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Серікбаеваның үстінен іс қозғауға Facebook желісіндегі жазбалары себеп болған. Сот қаулысына қарағанда, сот психологиялық-филологиялық сараптама Серікбаеваның “жазбаларының жалпы бағыты орыс, қытай ұлты өкілдеріне қатысты жағымсыз пікір айтуға бағытталған” деген қорытындыға келген.

Желіде жарияланған видеоларға қарағанда белсендінің үйіне түнде арнайы жасақ келіп, анасының қарсы болғанына қарамастан оны алып кеткені көрінеді.

«Жаңа ғана милициялар келіп, қызымды жұлқылап алып кетті. Мен қасарысып едім, мені итеріп жіберді де, желкем [қабырғаға] тиді, қан қысымым көтеріліп кетті. Содан кейін жедел жәрдем шақырттық. Жедел жәрдем мені алып кетеміз деп еді, үйде кішкентай бала бар. Оны қалай тастап кетемін?! Сонымен бармай қалдым», – деді белсендінің анасы Дәбеш Шілдебаева желіде тараған видеода.

Контекст

Бұған дейін, 38 жастағы белсенді Гүлназ Серікбаева 10 тәулікке қамалып шыққан. Ол уақытта оған қамауда отырған белсенді, марафоншы Марат Жыланбаевты қолдағаны үшін «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша айып тағылған. Белсендінің өзі тағылған айыппен келіспеген.

Серіктес жаңалықтары