×
489.39
567.99
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.99
6.19

Ирандағы қазақтар елге орала ма?

Бүгін, 14:26
Ирандағы қазақтар елге орала ма?
Фото: Irna.ir

Ираннан Қазақстанға этникалық қазақтардың жаппай қоныс аудармайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қандастар жағдайы

Астанада Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар этникалық қазақтар тарапынан елден кету туралы өтініш түспегенін мәлімдеді.

– Әзірге бізге мұндай өтініштер түскен жоқ. Тек күнделікті тұрмыстық мәселелер бойынша сұрақтар болды. Мысалы, Қазақстан азаматтары Иранға барғысы келеді – бұл қалыпты жағдай. Үкімет барлық қажетті қолдауды көрсетіп отыр, – деді дипломат.

Сарапшылар не дейді?

Бұған дейін әскери сарапшы Ермек Сейтбатталов Қазақстан көп мөлшерде босқын қабылдауға дайын емес екенін айтқан еді.

Бағалауларға сәйкес, Иранда жеті мыңнан астам этникалық қазақ тұрады. Алайда сарапшылар жаппай көші-қон толқыны болуы екіталай деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары