×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Жүргізушілерге тағы екі бұзушылық үшін автоматты түрде айыппұл салынады

Бүгін, 11:00
Жүргізушілерге тағы екі бұзушылық үшін автоматты түрде айыппұл салынады
Ulysmedia коллажы

Енді жүргізушілерге көлікте келе жатып ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін автоматты түрде айыппұл салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

12 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 31-бабына Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі аясында қабылданған өзгерістер күшіне енді. Жаңашылдықтар жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібіне қатысты.
 

- Жаңа нормалар жүргізушілер үшін қосымша шектеулер енгізбейді және талаптарды күшейтпейді. Заң талаптары өзгеріссіз қалады — тек құқық бұзушылықтарды тіркеу тәсілі жаңарады. Басты мақсатымыз  заманауи технологиялардың көмегімен жолдағы тәртіпті арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету”, — деді Алматы қаласы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының өкілі Айдын Меркімбаев.

Бұған дейін автоматты жүйелер құқық бұзушылықтың алты түріне – жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, дұрыс тоқтамау немесе тұрақ ережесін бұзу, озу қағидаларын бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеуді тіркейтін. Енді олардың мүмкіндігі кеңейтіледі. Автоматты тіркеу камералары қосымша құқық бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау деректерін де анықтай алады.

Сонымен қатар мемлекеттік дерекқорлармен ықпалдасу нәтижесінде міндетті сақтандыру полисінің болмауы, техникалық байқаудың мерзімінің өтуі және заңнамада көзделген өзге де құжаттық сипаттағы бұзушылықтар автоматты түрде тіркелетін болады.

Заңнамада ескерту көзделген жекелеген жағдайларда жүйе оны автоматты түрде рәсімдей алады.
 

- Қабылданып жатқан барлық шаралар профилактикалық сипатқа ие. Негізгі мақсат  Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін дер кезінде анықтау және жол қозғалысына заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру», – дейді Айдын Меркімбаев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Рұқсат берілмеген жерде темекі шегу, қоқыс тастау, жолды заңсыз жерден кесіп өту және түнгі уақытта ішімдік сатқаны үшін автомматты түрде айыппұл салынатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары