Нью-Йорк қаласының әкімдік ғимаратында тарихта алғаш рет ауызашар ұйымдастырылды. Ауызашар мен намазды қала мэрі Зохран Мамдани өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қалалық әкімшілік ғимаратында өткен шараға мұсылман қауымының өкілдері, қоғамдық белсенділер және қала шенеуніктері қатысты.
Айта кетейік, бұл бастамаға қоғамреакциясы әртүрлі болды. Біреулер мэрдің бастамасын қолдап, оның Нью-Йорк қаласының көпұлтты әрі көпмәдениетті сипатын көрсететінін айтты. Ал енді біреулер әкімшілік ғимаратта діни іс-шара өткізуді орынсыз деп бағалады.
КЕЗДЕСУ
Ауызашарда Мамдани қонақтарға өз қолымен құрма ұсынып, қауымдастық өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Ауызашар кезінде бірлік пен өзара түсіністік мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Нью-Йорк мұсылмандары мэрдің қарапайымдылығы мен шынайы құрметіне ризашылық білдірді.
ТАҒАЙЫНДАУ
Еске салайық, 34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі сайлауында жеңіске жетіп, республикашыл Кёртис Слива мен тәуелсіз үміткер, бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны артта қалдырған болатын. Ол Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр атанды. Мамдани Үндістаннан шыққан отбасында Угандада дүниеге келген, кейін Оңтүстік Африка Республикасына, одан соң АҚШ-қа қоныс аударған.