Иран армиясы Израильдің таяу арада жойылып, Палестина аумағында тәуелсіз мемлекет құрылатынын мәлімдеді
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тиісті мәлімдемені ирандық Tasnim агенттігі жариялап, бұл Рамазан айының соңғы жұмасында атап өтілетін Әл-Құдс күніне орайластырылғанын мәлімдеді.
Басылымның жазуынша, Әл-Құдс күні – Иранның палестиналықтардың тәуелсіздік үшін күресіне қарсы ынтымақтастық күні.
- Сионистік режимді жою және Палестина аумағында жер бетіндегі барлық діндердің қатысуымен тәуелсіз Палестина мемлекетін құру жақын екені сөзсіз, - деді Иран армиясы.
Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға көрші мемлекеттерге шабуыл жасауды дереу тоқтатуды ұйғарған қарар қабылдаған болатын. Иран президенті Масуд Пезешкиан Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатудың жалғыз шарты Иранның заңды құқықтарын мойындау екенін мәлімдеген еді.
КОНТЕКСТ
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Әуе шабуылы кезінде Иранның рухани көсемі, аятола Әли Хаменеи қаза тапты. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыранмен атқылап, дрондармен шабуылдаған. Сол уақыттан бері аймақтағы ахуал ушыққан.