×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Жанәбіловтерге қатысты сот басталды

Бүгін, 15:55
Жанәбіловтерге қатысты сот басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Блогерлерге қатысты қылмыстық іс ақпан айының басында сотқа жолданған. Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастыру бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер сот залына кіргізілді

Бүгін іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Қорғаушылар сот процесін жабық режимде өткізуді сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Нәтижесінде сот отырысы ашық форматта өтетін болды.

Тергеу 

Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

Таратылған бейнематериалдар басым бөлігі басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған.

Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн-курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша қаражаты есебінен қалыптастырылған.

Электронды «сәттілік барабанының» параметрлерін өзгерту фактілері анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.

Нәтижесінде азаматтардан «Zhana Business» ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған, оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары