×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Жанәбіловтердің адвокаты мәлімдеме жасады

Бүгін, 17:43
Жанәбіловтердің адвокаты мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың адвокаты Гаухар Айтжанова әзірге қорғау тарапы іс бойынша егжей-тегжейлі пікір білдірмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі сот талқылауы енді ғана басталып жатыр, ал іс материалдары әлі зерттелген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Келесі сот отырысы 16 наурыз сағат 11:00-ге белгіленді. Адвокат сондай-ақ отбасының жеке жағдайын ескеруді сұрады. Ерлі-зайыптылардың балабақша мен мектепке баратын кішкентай балалары бар, ал істің қоғам алдында талқылануы оларға әсер ететінін айтты.

- Қорғауымдағы азаматтардың кішкентай балалары бар. Ата-анасының жүздері медиада жиі көрінген сайын түрлі пікірлер айтылады — біреулер қолдайды, біреулер сынайды, — деді адвокат.

Қазір ерлі-зайыпты үйқамақта отыр. Бұлтартпау шарасының шарттарына сәйкес, олар сағат 22:00-ден 7:00-ге дейін үйде болуы тиіс. Ал қалған уақытта сыртқа шығуға, соның ішінде балаларға қатысты шаруалармен айналысуға рұқсат етілген.

- Сот бұған рұқсат берді. Ал біздің ұстанымымызға келсек, оны сотта айтамыз, — деп қосты ол.

Еске салайық, бүгін блогерлерге қатысты сот процесі басталды. Олар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру баптары бойынша айыпталып отыр.

Серіктес жаңалықтары