×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Қазақстанда референдум алдындағы тыныштық күні басталды

Бүгін, 11:00
Қазақстанда референдум алдындағы тыныштық күні басталды
Ulysmedia

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдум алдында тыныштық күні басталды. Осы сәттен бастап кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Заңға сәйкес, үгіт-насихат науқаны 14 наурыз күні түнгі сағат 00:00-де аяқталды. Бұл шектеу дауыс беру қарсаңындағы күнге және тікелей дауыс беру күніне – 14 және 15 наурызға қолданылады. Осы кезеңде жаңа Конституция жобасын қолдауға немесе кері қайтаруға шақыратын кез келген үндеуге тыйым салынады.

Тыйым салынған әрекеттерге бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен пікірлер, сондай-ақ бұрын жарияланған үгіт материалдарын қайта бөлісу (репост) жатады.

Сонымен қатар, дауыс беру орындарынан тыс жерлерде алдын ала ілінген плакаттар мен басқа да баспа түріндегі үгіт материалдары өз орнында қала береді.

Референдум күні дауыс беру нәтижелеріне қатысты әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, болжамдарды және референдумға байланысты кез келген зерттеулерді жариялауға да тыйым салынады. Бұдан бөлек, дауыс беру учаскелерінің ғимараттарында немесе олардың аумағында қоғамдық пікірге қатысты сауалнама жүргізуге болмайды.

Бұл талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізген жеке тұлғаларға 15 АЕК (64,8 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар үшін айыппұл 20 АЕК, орта бизнес үшін — 25 АЕК, ал ірі бизнес үшін — 35 АЕК.

Ал дауыс беру күні сауалнама нәтижелерін жариялағаны немесе учаскелерде сауалнама жүргізгені үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

КОНТЕКСТ

Референдум күні дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Учаскелер жабылғаннан кейін дауыстарды санау және нәтижелер хаттамасын рәсімдеу басталады.

Серіктес жаңалықтары