×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Қарин референдум жайлы ойын айтты

Бүгін, 07:45
Қарин референдум жайлы ойын айтты
Ulysmedia.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдум жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қарин жарты жылға созылған қоғамдық дискуссияның нәтижесі белгілі болатынын айтты. 

- Мемлекет басшысы ең алғаш рет бірпалаталы парламентке көшу идеясын бөліскен болатын. Сол уақыттан бері есеп жүргізетін болсақ, 189 күн қоғамдық дискуссия жүрген болатын. Сол уақытта азаматтардан мыңдаған ұсыныс түсті. Басынан бастап ел азаматтары жоғары ынта білдірді. Енді бүгінгі референдумда қоғамдық дискуссияның нәтижесін шығарамыз. Қалай болғанда да референдум нәтижесінде ел азаматтары Қазақстанның болашағын айқындайтын болады. Себебі бүгінгі шешімге сәйкес қандай қағидамен, қандай құныдылықпен дамитынымыз төңірегінде маңызды шешім қабылданады, – дейді Қарин.

Ол бұл төрт жылда үшінші рет өткізіліп отырған референдум екенін атап өтті. 

ТАЛҚЫЛАУ

Еске салайық, Ulys алаңында билік пен халық арасындағы келісімді, ендігі саяси-қоғамдық қатынастарды реттейтін, келешекті айқындайтын мәселені жан-жақты шынайы талқылаған болатынбыз. Сол үшін Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи мен Абзал Құспанды шақырдық. Толығырақ Ұлыстың YouTube-арнасында

Сонымен қатар, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзив сұқбатында референдум жайлы сұрақтарға жауап берді. 

Серіктес жаңалықтары