×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Ресей әскері бір аптада дронмен 1 770 соққы жасады – Зеленский

Бүгін, 18:00
Ресей әскері бір аптада дронмен 1 770 соққы жасады – Зеленский
Алина Смутко / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский бір апта ішінде Ресей әскері дронмен 1 770 соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оның айтуынша, мұндай зымырандардың әрқайсысында санкцияларды айналып өтіп Ресейге жеткізілетін кемінде 60 шетелдік компонент бар. Ол Ресейді зауыттарында зымыран құрастыру мүмкіндігінен айыруға үндеді.

— Осы аптаның өзінде ресейліктер Украинаға дронмен 1 770, басқарылатын әуе бомбаларымен 1 530-дан астам және зымыранмен 86 шабуыл жасады. Олардың ішінде 20-дан астамы – баллистикалық зымыран. Дүние жүзінде Еуропа мен Таяу Шығыстағы аспанды бір мезетте баллистикалық зымырандардан қорғауға жеткілікті әуе қорғаныс жүйелері болмаса, онда біз ресейліктердің зауыттарында зымыран құрастыру мүмкіндігін шектеуіміз керек, — деді Зеленский.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский туралы қатаң сын айтып, онымен келісімге келу Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізгеннен де қиын екенін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары