×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Зеленский: “Украина Иранмен соғысып жатқан жоқ”

Бүгін, 08:23
Зеленский: “Украина Иранмен соғысып жатқан жоқ”
© REUTERS / Octav Ganea

Украина президенті Таяу Шығыста жұмыс істеп жатқан мамандар туралы айтып, Киевтің Иранға қарсы соғысқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Топтар жіберілді

Украина президенті Владимир Зеленский Таяу Шығысқа ирандық камикадзе-дрондардан қорғану мәселесі бойынша кеңес беру үшін бірнеше мамандар тобы жіберілгенін айтты. Ол бұл туралы 14 наурыз күні журналистермен кездесуде мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, әрқайсысы ондаған маманнан тұратын үш сарапшылар тобы туралы айтылып отыр.

- Айтарлықтай мықты топтар жіберілді. Әр топта ондаған адам бар. Бұл үш-төрт адам бір жерге барып, бірдеңе көрсетіп келетін жағдай емес. Ұшып кеткен үш топ та сараптама жүргізіп, мұның қалай жұмыс істеуі керегін көрсете алады, — деп келтіреді Зеленскийдің сөзін «Интерфакс-Украина» агенттігі.

Украина соғысып жатқан жоқ

Зеленский украиналық мамандар әскери операцияларға қатыспайтынын және Иранға қарсы соғыспайтынын бөлек атап өтті. Оның айтуынша, миссия тек сараптамалық және кеңес беру сипатында.

- Әңгіме қандай да бір операцияларға қатысу туралы емес. Біз Иранмен соғысып жатқан жоқпыз. Бұл — қорғаныс мәселесі және "шахедтермен" қалай күресу керек екені жөнінде біздің тараптан нақты әрі толық сараптама жүргізу туралы, — деді Украина президенті.

Дрондарға қатысты келісім

Зеленскийдің айтуынша, Киев серіктестермен ұзақ мерзімді келісімдерге қол жеткізуді көздейді. Ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарының бірі — ұшқышсыз аппараттар саласындағы келісім болуы мүмкін. Оның сөзінше, Украина өз тәжірибесін бөліскені үшін қандай артықшылық алатынын талқылауға дайын.

- Шынын айтқанда, біз үшін қазір технология да, қаржы да маңызды. Сондықтан көре жатармыз. Егер осындай Drone Deal форматы жүзеге асса, онда ол болады, — деді Зеленский.

Сонымен қатар Украина президенті АҚШ-пен шамамен 35–50 миллиард доллар көлемінде дрондарды бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қоюды қалайтынын айтты. Киев бұл жобаны шамамен бір жыл бұрын ұсынған, алайда әзірге Вашингтоннан нақты жауап алған жоқ, дегенмен америкалық тарап бастамаға қызығушылық танытып отыр.

Серіктес жаңалықтары