Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштың бөлшектері Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлеріне құлауы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға алдын ала ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейдің Алтай өлкесіндегі Змеиногорск ауданының әкімдігі зымыран бөлшектері құлауы мүмкін аумақтарды көрсететін карта жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
– Ұшатын және резервтік күндері аталған аумақтарға бармауды сұраймыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін. Егер ұшудан кейін зымыран тасығыштың бөлшектерін байқасаңыздар, аудан әкімдігіне хабар берулеріңізді өтінеміз, – делінген хабарламада.

22 наурыз күні сағат 18:59-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2-1а» зымыран тасығышы ұшырылады. Ол «Прогресс МС-33» №463 жүк ғарыш кемесін орбитаға жеткізуі тиіс.
Ұшырылымға арналған резервтік күндер — 23, 25 және 26 наурыз.