×
486.2
557.82
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.2
557.82
6

Қазақстандық олигархтың отбасымен байланысты зауыт жалақы төлемеген

Бүгін, 13:16
Қазақстандық олигархтың отбасымен байланысты зауыт жалақы төлемеген
czhr.kz

Прокурорлар тексерісі кезінде қазақстандық ірі бизнесменнің отбасына қатысы бар кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ақмола облысы Біржан сал ауданында прокуратура «Көкше-Цемент» өндірістік бірлестігі» ЖШС мен «Степняк-су» МКК-да 350 қызметкерге 2023 жылдың желтоқсан айына жалақы төленбегенін анықтаған.

Іске прокуратура араласып, 60 млн теңгеден астам қарыз толық өтеліп, кәсіпорын басшылары жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар компаниялар 2 млн теңге көлемінде салық пен өсімпұл төлеген.

Ашық деректерге сәйкес, «Көкше-Цемент» ЖШС құрылтайшысы – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі Рашит Сәрсеновтің қызы.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Журналистік зерттеулер орталығының мәліметінше, 50 жастағы Карина Сәрсенова 2023 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша 8 компания мен бір жеке кәсіпкерліктің құрылтайшысы. «Көкше-Цемент» – солардың бірі.

Бұл – Ақмола облысындағы цемент зауыты, оның жобалық қуаты жылына 2 млн тонна өнім шығаруға жетеді.

Карина Сәрсенова кәсіпкерлікпен қатар шығармашылықпен де айналысады, өлең жазады және Ресей Жазушылар одағының мүшесі.

Ал оның әкесі Рашит Сәрсенов 2025 жылы елдегі ең бай бизнесмендер рейтингінде 9-орын алған. Forbes басылымы оның байлығын 980 млн доллар деп бағалаған.

Серіктес жаңалықтары