×
486.2
557.82
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.2
557.82
6

Қазақстандық мұнайға тағы бір елдің көзі түсті

Бүгін, 18:01
Қазақстандық мұнайға тағы бір елдің көзі түсті
Ашық дереккөзден

Таиланд билігі мұнай сатып алу мәселесі бойынша бірқатар елмен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елдің сыртқы істер министрі Сихасактың айтуынша, Таиланд Ресеймен мұнай жеткізу мәселесі бойынша байланыс орнатқан. Оның сөзінше, Мәскеу бұл мәмілеге дайын.

Министр сондай-ақ Қазақстан, Бразилия және Нигериямен келіссөздерді жеделдету қажет екенін атап өткен. Оның мәліметінше, Таиландтағы мұнай қоры 95–100 күнге ғана жетеді. Ал Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты жаңа жеткізу көздерін іздеу тапсырылған.

— Біз Ресеймен байланысқа шықтық, олар мұнай сатуға дайын. Әсіресе АҚШ санкцияларды жеңілдеткеннен кейін порттардан шыққан танкерлер түрлі елдерге жеткізілім жасай алады. Сонымен қатар Бразилия, Нигерия, Қазақстан және басқа да елдермен байланыс орнаттық. Енді Энергетика министрлігі сияқты тиісті органдар нақты келіссөздерді жалғастыруы тиіс, — деді Таиланд СІМ басшысы.

Серіктес жаңалықтары