×
479.02
551.11
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.02
551.11
5.82

Ринат Зайытов марапатты не үшін алғанын білмейді

Бүгін, 13:41
Ринат Зайытов марапатты не үшін алғанын білмейді
Фото: Ақорда

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов марапатты не үшін алғанын білмейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Білмеймін. Өзім де ойландым кеше. Аванспен берген шығар деп ойладым. Түбінде мәдениет саласына қайраткерлік жасайды деп. Бірдеңе үшін берсе, демек әрекет жасауым керек. Өзіме өзім уәде бердім, 4-5 мақсат қойдым. Соның біреуі орындалса сол күні оны жарқыратып тағамын, - деді депутат.

Зайытов әзірге бұл марапатқа лайықты деп санамайтынын айтты. 

- Марапат алғаныма кішкене ұялып тұрмын. Мәдениет қайраткеріне лайық менен де басқа адамдар бар. Көп. Атайтын болсам тізім ұзақ, – дейді Зайытов. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстаған болатын. Парламент өкілдерінің ішінде президенттің қолынан мемлекеттік награданы Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Ринат Зайытов та алды.

Серіктес жаңалықтары