×
479.02
551.11
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.02
551.11
5.82

"Қойшы-ей. Басқа сұрағың жоқ па?" - депутат Тұмашинов

Бүгін, 14:26
"Қойшы-ей. Басқа сұрағың жоқ па?" - депутат Тұмашинов
Ашық дереккөзден

Мәжіліс кулуарында депутат Лұқбек Тұмашиновқа Ұлыс тілшісінің сұрағы ұнамай қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кулуарда Ұлыс тілшісі мәжілісменнен “депутаттықтан кетуге дайынсыздар ма?” деп сұрады. 

Депутат кідірместен:

- Қойшы-ей. Басқа сұрағың жоқ па?, - деп кетіп қалды. 

ТҰМАШИНОВ

Айта кетейік, Ұлықбек Тұмашинов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ұлыстың «Ашық микрофон» айдарының кезекті қонағы – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғыны, қарапайым шаруа Әлібек Кәрімұлы келіп, Тұмашинов туралы пікірін айтқан еді

– Кәсіпкер ретінде танылған. Құрылыс компаниясы бар екенін білеміз. Былтыр біз өзіміз шулап жүріп ол кісіні шақырып алдық. Екі жылда бірінші рет келді. Өткенде депутат Ерлан Сайыровтың «Заңды орындауды өзімізден бастайық» деп жатқанын естіп қалдым. Алайда өзі Зайсанға келгенде халықпен кездесудің орнына әкімнің жетегінде жүреді. Мәжіліс депутаттары өңірге келгенде бірінші жергілікті тұрғындармен кездесуі керек. Оларды әкім емес, халық сайлады. Сайыров келе жатыр дегенді естігелі жолын тосумен болдық. Әкім екеуі бір нысанның ашылуына барып фото-видеоға түсіпті, тағы бір жерден видеоесеп беріпті. Ал халық оны сол күйі ұстай алған жоқ, – деген еді шаруа. 

Серіктес жаңалықтары