×
479.02
551.11
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.02
551.11
5.82

Қазақстанда жаңа мемлекеттік төлемдер енгізу ұсынылды

Бүгін, 14:42
Қазақстанда жаңа мемлекеттік төлемдер енгізу ұсынылды
Фото: pexels.com

Қазақстанда кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтардың қамқоршыларына мемлекеттік төлемдер енгізу ұсынылды. Депутат Әділ Жұбанов Премьер-министр Олжас Бектеновке осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, бұл санаттағы азаматтар әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған.

- Қолданыстағы әлеуметтік қолдау жүйесінде тіпті базалық әлеуметтік кепілдіктер де қарастырылмаған. Бүгінде тұрақты күтім жасағаны үшін мемлекеттік төлем жоқ, қамқоршылық кезеңі еңбек өтіліне есептелмейді, мемлекет есебінен міндетті зейнетақы жарналары төленбейді және бұл санаттағы қамқоршылардың құқықтық мәртебесі заңмен бекітілмеген», - деді Жұбанов Мәжіліс отырысында.

Ол қамқоршылар іс жүзінде әрекетке қабілетсіз азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін тәулік бойы жауап беретінін, бірақ сонымен қатар жұмысынан бас тартуға мәжбүр болып, зейнетақы жинақтарынан айырылатынын айтты.

- Тұрақты күтім жасайтын адам қызметінен бас тартуға мәжбүр болады және болашақта өзі әлеуметтік тәуекел аймағына түседі, – деді депутат.

Депутат не ұсынды

Осыған байланысты мәжілісмен заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

- Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына мемлекеттік төлем белгілеу, қамқорлық көрсету кезеңін еңбек өтіліне қосу, мемлекет есебінен зейнетақы жарналарын төлеу және бұл санатты әлеуметтік қорғау субъектісі ретінде құқықтық тұрғыда бекіту ұсынылады, – деді ол.

Сонымен қатар, мұндай азаматтардың нақты санын және мүмкін болатын қаржыландыру көздерін анықтау ұсынылды.

- Бүгінде парадокс жағдай қалыптасқан, мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қолдау қажеттігін мойындайды, алайда оларға күнделікті күтім жасайтын адамдарды іс жүзінде қолдамайды», – дейді депутат.

Жұбановтың айтуынша, бірқатар елдерде әрекетке қабілетсіз ересектерге күтім жасау әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде танылған және мемлекеттік төлемдер мен зейнетақы қолдауымен қамтамасыз етіледі.

Серіктес жаңалықтары