×
482.49
556.75
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.49
556.75
5.79

Қамшыбек Тәшиев жауап алуға шақырылды - БАҚ

Бүгін, 10:00
Қамшыбек Тәшиев жауап алуға шақырылды - БАҚ
akipress.org

Бүгін, 19 наурызда шетелден Қырғызстанға ұшып келген ҰҚМК-ның бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев Қырғыз Республикасы ІІМ-нің Бас тергеу басқармасына жауап алуға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы дереккөздер Kaktus.media-ға хабарлаған. Мәліметке сәйкес, оқиға таңғы сағат 10-да болған. Қазіргі уақытта Тәшиев ІІМ-нің Бас тергеу басқармасы ғимаратында отыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Тәшиев биыл 17 ақпанда Қырғызстаннан кетіп қалған еді.

Бұған дейін, 10 ақпанда президент Садыр Жапаров жарлыққа қол қойып, оған сәйкес Қамшыбек Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын. Сол кезде Тәшиев Германияда ем қабылдап жатқан.

13 ақпанда Тәшиев Қырғызстанға келіп, емін аяқтамай оралуға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Арада төрт күн өткен соң ол елден қайта шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары