×
482.49
556.75
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.49
556.75
5.79

"Қыстың күні аяқ киімімді шешіп алды": Ұлдарымнан жәбір көрдім деген қария көмек сұрады

Бүгін, 10:21
"Қыстың күні аяқ киімімді шешіп алды": Ұлдарымнан жәбір көрдім деген қария көмек сұрады
Скриншот

Жетісу облысында 62 жастағы ақсақал Бақытбек Қадысұлы ұлдарынан жәбір көргенін айтып, араша сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, Ақсу ауданында тұратын Бақытбек Қадысұлы 31 және 34 жастағы ұлдарынан жиі қорлық көреді. Сөзінше, ұлдары қыстың күні айдалаға апарып, ұрып-соғып, аяқ киімсіз көшеде тастап кеткен кездері де болған.

«Аяғымдағы шақайымды шешіп алып, қыстың күні, қар еріп жатқан. Екі сағаттай далаға қойып қойды. Полиция келді, оны машинасының артына басып алған. Аяқ киімімді тартып алып берді. Содан бүйрегіме де суық тиді», – дейді ол.

Бақытбек Қадысұлы Қазақстанға 2013 жылы отбасымен бірге Қытайдан көшіп келген. Ауылда етікші болып жұмыс істейді. Сөзінше, ұлдары ол жерге де барған. Тігін машинасын, құралдары мен ақшасын алып кеткен. Шеберханасына құлып салса, оның ішіне клей құйып кеткен кездері де болған.

Полиция ақсақалдың екі ұлын қамауға алған. Сот үкімімен оларға жәбірленушіге жақындауға тыйым салынған. Қамаудан шыққан соң профилактикалық есепке алынады.

Серіктес жаңалықтары