×
482.49
556.75
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.49
556.75
5.79

Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты әуе билеттері қымбаттай ма?

Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты әуе билеттері қымбаттай ма?
Ulysmedia.kz коллажы

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе билеттерінің қымбаттауы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ластаевтың сөзінше, қазіргі уақытта елде әуе билеттерінің бағасы тұрақты. 

- Неге десеңіз, өзіміздің өндірісіміз бар. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы әуе билеттерінің жеткізілімін жасап жатыр. Қазіргі таңда өзгерістер жоқ. Билет бүгінгі бағамен қымбаттамайды, – дейді Ластаев. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Азаматтық авиация саласының сарапшысы Әбіл Кекілбаев Таяу Шығыстағы жағдай әуе тасымалы құнына қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірген болатын. 

Ол әуекомпаниялар шығыны құрылымындағы негізгі фактор авиаотын бағасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнай бағасының өсуі, әуе кеңістігінің жабылуы және бағыттардың ұзаруы салдарынан авиаотын қымбаттап жатыр. Сарапшы мұнай бағасы барреліне 90 долларға дейін өссе, әуе билеттерінің құны 13-15%-ға қымбаттауы мүмкін екенін айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары