×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ирандық блогерлер көшеде билегені үшін 10 жылға сотталып кетті

01.02.2023, 09:36
Ирандық блогерлер көшеде билегені үшін 10 жылға сотталып кетті
фото: дереккөзден

Иранда жас жігіт пен оның сүйіктісі «Тегеран қақпасы» деген атпен танылған Иран астанасының символы – Азади мұнарасының жанында билеп, видеосын әлеуметтік желіге жүктегені үшін он жыл арқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  ВВС-ге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Астиаж Хагиги мен Амир Мохаммад Ахмади «Азғындық пен қоғамдық жезөкшелікті насихаттағаны» және «ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жиын өткізгені» үшін айыпты деп танылған.

Жастардың романтикалық биі таспаланған видео Instagram желісінде жарияланып, миллион қаралым жинаған.

Хакики мен Ахмади – Иранның танымал блогерлері, олардың парақшасына жазылушылар саны өте көп.

Айта кетейік, соңғы уақытта Иран әйел құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар көбейді. Мұндай науқандарға қатысушылар жаппай қуғындалып жатыр.

Елдегі наразылықтар былтыр қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Хиджапты дұрыс тақпағаны үшін ұсталған әйел полиция учаскесінде қайтыс болған еді.