×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты

Бүгін, 09:06
Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

ATP рейтингісінде 641-орынға тұрақтаған 18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF M15 сериялы жарыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жартылай финалда Әмір германиялық Лукас Видеманнмен (ATP №839) кездесіп, тартысты өткен матчта жеңісті жұлып алды.

Кездесу 6:4, 5:7, 7:6 (8:6) есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Ойын тағдыры шешуші үшінші сеттің тай-брейгінде шешілді.

Финалда Омарханов түркиялық Мерт Алкаямен (ATP №383) күш сынасады. Айта кетейік, Әмірдің қоржынында ересектер арасындағы үш титул бар: ол бұған дейін Тунистегі турнирлердің жекелей және жұптық сынында үздік шықса, Испанияның Манакор қаласында жұптық сында топ жарған болатын.
 

Серіктес жаңалықтары