×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Александр Шевченко Майамиде сенсация жасап, әлемнің 9-ракеткасын жеңді

Бүгін, 11:01
Александр Шевченко Майамиде сенсация жасап, әлемнің 9-ракеткасын жеңді
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 58-орын) Майамидегі "Мастерс" турнирінің екінші айналымындағы сенсация авторы атанды. Ол тартысты кездесуде АҚШ өкілі, әлемнің тоғызыншы ракеткасы Бен Шелтонды ерік-жігерінің арқасында жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ойын үш сетке созылып, қазақстандық теннисші 6:7 (3:7), 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, теннисшілер бұған дейін бір-бірімен кездеспеген және америкалық мұндай қарсылықты күтпегені анық.

Miami Open турнирінің үшінші айналымында Александр Шевченко француз теннисшісі Юго Умбермен (әлемнің 34-ракеткасы) шеберлік байқасады.

Серіктес жаңалықтары