×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Brent мұнайы барреліне 112,67 долларға дейін қымбаттады

Бүгін, 13:16
Brent мұнайы барреліне 112,67 долларға дейін қымбаттады
Ulysmedia.kz коллажы

Дүйсенбі күні таңертең мұнай бағасы қалыпты өсім көрсетіп отыр, инвесторлар Таяу Шығыстағы жағдайды бағалауын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстерінің құны Мәскеу уақыты бойынша 8:12-дегі мәліметке сәйкес, 0,48 долларға (0,43%) өсіп, барреліне 112,67 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасындағы электронды саудада WTI маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері осы уақытқа қарай 0,56 долларға (0,57%) қымбаттап, барреліне 98,79 долларға жетті.

Өткен аптада Brent бағасы 8,8%-ға өсті, ал WTI керісінше 0,4%-ға арзандады. Екі марка арасындағы айырмашылық АҚШ-тың стратегиялық қорлардан мұнай босата бастауы салдарынан көпжылдық ең жоғары деңгейге жетті.

Серіктес жаңалықтары