×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Астанада LRT-да жол жүру құны қанша болады?

Бүгін, 11:02
Астанада LRT-да жол жүру құны қанша болады?
Фото: ашық дереккөзден

Құрылысы жыр болған Астанадағы LRT-да жол жүру құны қанша болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Ашық НҚАgov порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланды.

Жобаға сәйкес, LRT-да бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Қоғамдық талқылау 27 наурызға дейін жалғасады.

Контекст

Қазақстанда LRT салу жоспары 2008 жылы мәлімделген. Бірақ одан кейінгі жылдары жобаны жүзеге асыру қымбатқа шығатыны ескеріліп, билік бұл идеядан бас тартқан. 2010 жылдардың ортасында жобаға қайтадан жан бітіп, Қазақстан Қытай даму банкінен 1,6 млрд доллар қарыз алды. Ол кезде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасары болатын. Бірақ бұл жобаның аяғы жемқорлық дауына ұласып, Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан шетелге қашты. 2024 жылы Қазақстан соты оны сырттай 9 жылға соттады. Былтыр мамырда Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Талғат Ардан Түркияда ұсталғанын, оның Қазақстанға экстрадицияланатынын айтқан.

Жемқорлық дауларынан кейін LRT-ның тіреуіш қадалары ел арасында «жемқорлық ескерткіші»деп аталып кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы президент қызметіне кіріскен кезде LRT жобасын аяқтауға басымдық берген. Қазір LRT құрылысы аяқталып, сынақтан өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары