×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Украинаның дрон шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты

Бүгін, 13:39
Украинаның дрон шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты

Дрондар шабуылы салдарынан Ресейдің Усть-Луга порты аумағында өрт шықты. Сондай-ақ алты әуежайда, оның ішінде Санкт-Петербург қаласындағы Пулково әуежайында ұшып-қонуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

25 наурызға қараған түні Украина дрондармен Ленинград облысы аумағына шабуыл жасаған. Салдарынан Усть-Луга порты аумағында өрт шыққан. Бұл туралы өңір губернаторы Александр Дрозденко мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Облыс аумағында 56 дрон атып түсірілген.

Astra Telegram-арнасы Усть-Луга портының көріністерін жариялады.

Украинаның OSINT сарапшыларының мәліметінше, НОВАТЭК-Усть-Луга зауытына соққы жасалған. Бұл кәсіпорын табиғи газ бен мұнай өндіру барысында алынатын жанама өнім — тұрақты газ конденсатын өңдеуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін сыртқы нарықтарға жөнелтуге маманданған.

Усть-Луга кенті Украина шекарасынан шамамен 855 шақырым қашықтықта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары