×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

МӘМС қорының басшысы Qalqan жаңа платформасын ақтап алуға тырысты

Бүгін, 09:10
МӘМС қорының басшысы Qalqan жаңа платформасын ақтап алуға тырысты
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына қатысты сын толастар емес. Осы жағдай аясында басқарма төрайымы Гүлмира Сәбденбек көпмиллиардтық шығындарға қатысты тараған күмәнді сейілтуге тырысты. Оның айтуынша, Qalqan жүйесі «бюджетті сорып алатын жаңа жоба» емес, тек бұрыннан бар шешімдердің үстіне құрылған қосымша платформа, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюджетсіз цифрландыру мүмкін бе?

Қоғамда Qalqan платформасы қазақстандықтардың жарналары үшін тағы бір «қара құрдымға» айналмай ма деген күдік жиілеп барады. Гүлмира Сәбденбек жүйе денсаулық сақтау саласына «қосымша шығынсыз» енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қор басшылығы Qalqan — дербес жасалған жаңа өнім емес, Қаржы министрлігінің технологиялық платформасына көшу деп түсіндірді. Шенеуніктің сөзінше, дайын шешімдерді пайдалану уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Айқындық» пен жалған қызметтер мәселесі

МӘМС жүйесіндегі басты мәселелердің бірі — жалған көрсетілген қызметтер мен «қосып жазу» фактілері. Бұған мыңдаған азамат шағымданып келеді. Қор басшысы Qalqan дәл осы мәселені шешетін құрал болады деп сендірді.

– Qalqan-ның негізгі міндеті — әрбір төленген қызметтің расталуын, ал әрбір теңгенің негізді жұмсалуын қамтамасыз ету, – деді Гүлмира Сәбденбек.

Алайда осы тұста “бұған дейін қыруар қаржы жұмсалған қолданыстағы жүйелер неге бұл міндетті толық орындай алмады?” деген орынды сұрақ туындайды.

Damumed қалады, бірақ сұрақ көбейіп келеді

Қордағылар Qalqan платформасы қолданыстағы медициналық ақпараттық жүйелерді, соның ішінде Damumed-ті алмастырмайтынын ерекше атап өтті. Жаңа жүйе емдеу процесіне араласпайды және дәрігерлерге қосымша бюрократиялық жүктеме түсірмейді делінеді. Оның басты мақсаты — қаржылық бақылау, яғни көрсетілген қызметтерді растау.

– Платформа емдеу процесіне араласпайды және дәрігерлерге қосымша салмақ түсірмейді. Оның міндеті — қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз ету, көрсетілген қызметтерді верификациялау және МӘМС қаражатының жұмсалуын бақылау, – деді ол.

Гүлмира Сәбденбек 2026 жылдың қаңтарында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы болып тағайындалған.

Сұқбат 

Бұған дейін сегіз ай бойы Қазақстандағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқарған Айдын Құлсейітов бас редактор Самал Ибраеваға берген сұқбатында Құлсейітов барша халықты толғандыратын сауалдарға жауап беріп, еліміздің медицинасын не құтқаратынын айтқан еді

Серіктес жаңалықтары