×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Қазақстанда қандастарға талап күшейеді

Бүгін, 17:04
Қазақстанда қандастарға талап күшейеді
Gov.kz

Қазақстанда қандастар мен қоныс аударушыларға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін. Енді мемлекеттік бағдарлама бойынша басқа өңірге көшкендер міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Еңбек министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болмақ. Құжатқа сәйкес, қоныс аударған азаматтар мен қандастар үшін жұмысқа орналасу міндеттелмек.

Бұған дейін адамдар көшіп барып, жұмыс таппай біраз уақыт жүре алатын. Енді жаңа талап бойынша: жұмысың болса – бағдарламада қаласың. Сонымен қатар, жұмыс істеп жүргенін әлеуметтік аударымдар арқылы дәлелдеу қажет болады.

ӨЗГЕРІС НЕ ҮШІН ЕНГІЗІЛМЕК?

Билік мәліметінше, кейбір қоныс аударушылар жаңа өңірде тұрақтамай, қайта көшіп кетеді.

– Ресми жұмыстың болмауы адамдардың тұрақтап қалуына кедергі келтіреді, қайта көшуге әкеледі және жергілікті бюджетке салмақ түсіреді, – дейді ведомство.

Осы өзгерістер арқылы үкімет адамдардың жаңа өңірде тұрақтап қалуын арттырып, аймақтарды тұрақты жұмыс күшімен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары