×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылды

Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылды
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп, сотталған Перизат Қайраттың көлігі аукционға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әңгіме Перизат Қайраттың қымбат көліктерінің бірі Mercedes-Benz S450 жайлы болып отыр.  Көлік шамамен 79,4 млн теңгеге бағаланған. Қазір өтінімдер қабылданып жатыр, ал сауда 7 сәуірде басталады.

Алайда бұл 79 млн теңгелік Mercedes сатылмайды.

- Бұл мүлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30.03.2015 ж. № 227 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 4-тармағына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға олардың балансына беруге ұсынылмайды, – делінген хабарламада. 

Автокөлік мемлекеттік мүлік департаментінің балансында тұр. Әзірге техникалық жағдайын әзірге тексеру мүмкін емес.

Сондай-ақ мүлікке шектеу қойылып, оған тыйым салынған. 

СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ ЕДІ?

Тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын

Серіктес жаңалықтары