×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Алматыда құрылыс лицензиялары миллиондаған теңгеге сатылған

Бүгін, 14:51
Алматыда құрылыс лицензиялары миллиондаған теңгеге сатылған
Видеодан алынған кадр

ҚМА Алматы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен лицензия алу мақсатында "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізумен айналысқан тұлғалар тобының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері қылмыстық схемаға қатысушылар Алматы қаласы "Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы" КММ қызметкерлерімен сөз байласу арқылы, өздеріне қарасты компаниялар арқылы өндірістік базалардың, арнайы техниканың және білікті инженерлік-техникалық мамандардың бар екендігі туралы жалған мәліметтер ұсынған. Алайда бұл талаптарға нақты сәйкестік болмаған.

– Салдарынан қолданыстағы біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында І санаттағы лицензияларды заңсыз алған. Тінту шаралары барысында заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін құжаттар мен заттай айғақтар тәркіленді. Осындай "қызметтер" көрсеткені үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып отырған, – деп хабарлады ведомство.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары